Жаңалықтар

04.09.2019

Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық сұхбат – Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау

«Байқоңыр» ауданы әкімінің аппаратында аудан активімен жиналыс өткізіліп, Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық сұхбат – Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын қалалық мәслихат депутаттарымен, білім беру, денсаулық сақтау нысандарының, аудандық құрылымдық бөлімшелерінің, қызмет көрсетуші және мердігерлік ұйымдарының өкілдерімен талқыланды.
Спикер ретінде Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты Х.Таукен, «Nur Otan» партиясы «Байқоңыр» аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Болысбек, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Д.Қамзабекұлы және 10 мектеп-гимназиясының директоры М.Ташенова сөз сөйлеп, Жолдаудың негізгі бағыттарын түсіндірді.
Аудан әкімі Асқар Есілов: «Жолдау халық арасында қолдау тауып, оның аясында жүзеге асырылатын жобалар елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы саласында жақсы нәтиже беретініне сенімдімін» деп жиналысты қорытындылады.

Өзгерткен: 04.09.2019