Жаңалықтар

01.09.2019

Білім күнімен!

Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар, ата-аналар және барша елорда тұрғындары! Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты мереке – Білім күнімен құттықтаймын!
Бұл мереке кейбір азаматтардың алғаш рет мектеп қабырғасын, колледж және жоғары оқу орындарына барған ұмытылмас сәттерімен есте қалатыны анық.
Бүгінгі жастар ілім-білім жинауға қашанда асығып, тәуелсіз еліміздің игілігі жолында білімдерін елге жаратып, келешекте озық ойлы, өрісі кең, саналы азаматтары болуын тілеймін!
Әлемдік өркениетке бет алған бүгінгі қазақ елінің болашағы білім мен тәрбие алауын жаққан мектеппен тікелей байланысты.
Сондықтан да, бірінші сыныпқа аяқ басқалы тұрған кішкентай бүлдіршіндеріміздің талабы - оң, қадамы құтты болсын дегім келеді! Ал білім сапасын арттырудағы игі бастамаларға себепші болып жүрген қымбатты ұстаздарға педагогикалық ізденіс, жаңа серпін, шығармашылық табыс тілеймін!
Білім жолындағы шәкірттердің келешегі кемел, болашағы нұрлы болғай!

Құрметпен, Асқар Есілов

Өзгерткен: 01.09.2019