Жаңалықтар

30.08.2019

Аула мерекесі

Біздің ауданда аула мерекесін өткізу жақсы дәстүрге айналды. Мұндай мерекелер аудан тұрғындарының ризашылықтарын тапқаны өте қуантады. А. Иманов к. 17 үй мен М.Ғабдуллин к. 12/2 тұрғын үйінің жұмадағы тыныштығы балалардың дауысымен, көңілді күлкімен, әуенмен және бимен «бұзылды». Бұл Аула мерекесі еді! Біздің кішкентай тұрғындарымызды көңілді аниматорлар ойнатып, түрлі ойындар өткізді. Сонымен қатар, қызмет көрсетуші ұйымдар мен тұрғындардың ұйымдастыруымен балаларға арнап ыстық бауырсақтар, балмұздақтар және басқа да тәттілер таратылды. 
Қазақтың дәстүрлі шашуы да болды. Балалар болса, шашылған кәмпиттерді жинап, жаңадан орнатылған спорт алаңында қуанып жатты.

Өзгерткен: 30.08.2019