Жаңалықтар

31.08.2019

200-ден аса жас қарағай мен шыршалар «Байқоңыр» ауданында отырғызылды

Біз қоғамдық кеңістіктердің қала тұрғындарының серуендеуіне жайлы болуына ерекше назар аударып, оларды жасылдандыруға көп көңіл бөлеміз.
Осылайша, Абай даңғылы бойындағы гүлзардың эстетикалық келбетін сақтау мақсатында 48 шырша отырғыздық. Гүлзар енді одан да әдемі болып тұр!
Сонымен қатар, А.Иманов көшесінде, Е.Брусиловский көшесімен қиылысында, қатар-қатар тізбектеліп 52 жас қарағай отырғызылды.
Ақбұлақ өзенінің жағалауын да назардан тыс қалдырмадық. Жағалау бойында 117 қарағай отырғызу жұмыстары жүргізілуде.
Осылайша, ауданымыздың жасыл қоры ұлғаюда. Ал алда бізді күзгі жаппай ағаш отырғызу күтіп тұр. 

Өзгерткен: 31.08.2019