Жаңалықтар

30.08.2019

Ата Заң күнімен!

Құрметті елорда тұрғындары! Баршаңызды бүгінгі тарихи мәні зор, мерейлі мереке - Қазақстан Республикасының Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын!
30 тамыз – Қазақстан халқы тарихи таңдау жасаған ұлы бетбұрыс күні.
Ата Заң – тұрақтылық пен өркендеудің сенімді іргетасы, әрбір қазақстандықтың құқығы мен еркіндігінің кепілі. Бүгінде біз еліміздің Ата Заңының арқасында еркін еңбек ету, бейбітшілік пен ынтымақтастықта өмір сүру құқығына иеміз.
Ең бастысы, қоғамда ауызбіршілік, бейбітшілік пен келісім мығым орнығып отыр. Осы жетістіктердің барлығы біздің Конституциямыздың негізінде жатыр.
Осындай шуақты күні елордамыздың әрбір тұрғынына отбасы амандығын, мықты денсаулық пен ашық аспан тілеймін!

Ізгі ниетпен, Асқар Есілов.

Өзгерткен: 30.08.2019