Жаңалықтар

28.08.2019

Есіл және Ақбұлақ өзендерін тазалау

Қала тұрғындары өзендердің жағасына және олардың ластануына жиі назар аударуда. Және, шыны керек, бұл қуантарлық жайт. Өйткені адамдардың қоршаған ортаның экологиялық жағдайына немқұрайлы қарамайтындығы байқалып жатыр. 
Бұл дегеніміз – тұрғындардың дәл осы бөлігі қоқысты суға тастамай және ондай әрекетке бет алғандарға ескерту айтатындардың бірі болатыны анық. 
Ал біз, өз кезегімізде, өзендерді күнделікті қоқыстан тазартудамыз. Мысал ретінде, бүгінгі күні, жұмысшылар Есіл мен Ақбұлақ өзендерін 250 кг. жуық қоқыстан тазартты.
Ойланарлық жайт. 

Өзгерткен: 29.08.2019