Жаңалықтар

13.08.2019

Құрбан айт мерекесін атап өту

Тұрғындардың арасында жақсы көршілік қарым-қатынастың орнауына не жетсін?! Оған қоса олардың бірлігі жарасып, ойларын жүзеге асыруға дайын тұрса ше!
Ауданымыздың тұрғындары бір-бірімен тату-тәтті деп мақтана аламын. Оған дәлел, А.Жұбанов көшесіндегі 29 үйдің тұрғындары. 
Бүгін «Тамыр» ТҚК қызмет көрсетуші ұйымы мен тұрғындардың ұйымдастыруымен Құрбан айт мерекесін тойлау өткізілді.
Іс-шарада ұлттық тағамдар ұсынылып, балаларға сыйлықтар таратылып, көршілер мен қонақтардың жылы құттықтаулары айтылып жатты. 
Және де бұл көптеген мысалдардың бірі ғана.
Ал тұрғындарымыз Наурыз, Жаңа жыл және басқа да мейрамдарды атап өтетіні-бөлек әңгіме!

Өзгерткен: 13.08.2019