Жаңалықтар

08.08.2019

А. Пушкин көшесі мен Абылай хан даңғылы қиылысындағы гүлзар

Осыдан бір апта бұрын А. Пушкин көшесі мен Абылай хан даңғылы қиылысында орналасқан гүлзарға барған едім. Сынған тақтайшалар мен абаттандыру элементтерінің бұзылған көрінісі естеріңізде болар... Сәйкесінше, барлығын қысқа уақыт ішінде түзетуге тапсырма берген едім.
Бүгінгі таңда, сынған баспалдақтар мен тақтайшалар ауыстырылып, жарық тіреуіштері ретке келтірілді. 
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары, қоршаған орта мен қаламыздың сәнін келтіріп тұрған бақтар мен гүлзарларға асқан ұқыптылықпен қарауды өтінемін. 

Өзгерткен: 13.08.2019