Жаңалықтар

07.08.2019

Ашық есік күні

2019 жылдың 9 тамызында «Байқоңыр» ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен мемлекеттік органдармен, құрылымдық бөлімдермен, коммуналдық қызметтермен бірлесе отыра «Ашық есік күні» өткізілетін болады. Аудан тұрғындары өз мәселелері бойынша кеңес алуға мүмкіндіктері бар. 
Барлығын Республика даңғ., 34 «Жастар» Сарайы сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін күтеміз. 
Іс-шараға келесі органдар қатысатын болады: 
• «Байқоңыр» ауданы әкімінің аппараты;
• Құрылыс және тұрғын үй саясаты басқармасы;
• Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы;
• Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы;
• Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы;
• Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы;
• Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы;
• Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы;
• Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы;
• Білім басқармасы;
• Нұр-сұлтан қаласы ПД «Байқоңыр» ауданының ішкі істер басқармасы;
• Нұр-сұлтан қаласы «Байқоңыр» ауданының прокуратурасы;
• Нұр-сұлтан қаласы ТЖД «Байқоңыр» ауданының төтенше жағдайлар басқармасы» РММ;
• Нұр-сұлтан қаласы МКд «Байқоңыр» ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы;
• Нұр-сұлтан қаласы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ «Байқоңыр» ауданы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы;
• «Байқоңыр» ауданы әкімі аппаратының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі;
• «Байқоңыр» ауданы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы;
• «Астана-Теплотранзит» АҚ;
• «Астана-РЭК» АҚ;
• «Астана Су Арнасы» МКК;
• «Астанаэнергосбыт» ЖШС.

Өзгерткен: 07.08.2019