Жаңалықтар

07.08.2019

Арықтарды тазалау және жарық шамдарын орнату

А.ж. шілде айының соңында Сырдария көшесіне барып қайттым. Бұдан ертерек, жоғарыда аталған көшенің тұрғыны әлеуметтік желілер арқылы хабарласып, арықтардың тазалануы, жарық шамдарының орнатылуы және жолдың қиыршық таспен төселуі жөнінде сұрақтарды көтерген болатын. 
Бүгінгі күні, қолданыстағы шамдарға тексеріс жүргізіліп, оның нәтижесі бойынша 6 шам ауыстырылып, 3 шам қосымша орнатылды. 
«Астана Тазалық» ЖШС мердігерлік ұйымымен арықтарды тазалау жұмыстары жүргізілуде. Жалпы ұзындығы 720 метрді құруда. 
Қазіргі уақытта, жолды қиыршық таспен төсеу мәселесі қарастырылып жатыр.

Өзгерткен: 07.08.2019