Жаңалықтар

06.08.2019

"Парасат" бау-бақша кооперативінің тұрғындарымен кездесу

Әлеуметтік желілерде «Парасат» бау-бақша кооперативі бойынша сұрақтар жиі көтерілетін. Сонымен қатар, аталмыш кооперативтің тұрғындары жеке қабылдауыма да жазылған еді. Қабылдау барысында шешімін таба алмай жүрген сұрақтарды «Парасат» б/к барып, орында қарастыруға шешім қабылдадық. 
Негізгі төрт сұрақ көтерілді: №59 автобус бағдарының жыл бойы жүріп тұруы, аялдама тармақтарына баратын жолдарды жайластыру, жедел жәрдем қызметінің тұрғындарға қызмет көрсетуі, «Қоянды» саябақ алабы мен «Парасат» бау-бақша кооперативін қосатын жолға тас төсемесін төсеу. 
Орынға барып өткізілген жиналыста Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту мен Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары қалалық басқармаларының өкілдері болғандықтан, олардың құзыретіне енетін сұрақтар бойынша тұрғындарға түсініктеме берілді. Қалған сұрақтар бойынша аудандық әкім аппаратымен уәкілетті органдарға хаттар жіберілетін болады. 
Сонымен бірге, тұрғындарға аялдама тармақтары бойынша сауалнама жүргізіп, ортақ бір шешімге келулеріне кеңес берілді. 

Өзгерткен: 06.08.2019