Жаңалықтар

07.04.2019

Үйлердің қасбеттерін қалпына келтіру

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, «Байқоңыр» ауданы әкімінің аппаратымен тұрғын үй қорының қасбеттеріне мониторинг жүргізілген еді, нәтижесінде желдетілетін қаптамадан жасалған (керамогранит, алюкобонд) қасбетті ішінара қалпына келтіруді қажет ететін 19 КПТҮ анықталды. Мұндай үйлер бойынша құлау көлемі шамамен 800 м2 құрайды.
ПИК және қызмет көрсететін ұйымдардың жұмысын жеңілдету мақсатында осындай қасбеттерді қалпына келтіру үшін, қызмет көрсететін ұйымдар қажетті шығын материалдарын бөлінген соң, біз биік техникасы бар тәуелсіз өнеркәсіптік альпинистер бригадасын тарттық (шығын материалдарына керамогранит плиталары, алюкобонд, бекіткіштер және басқалары жатады).
Осылайша, бүгінгі таңда келесі тұрғын үй кешендерінің 320 м2 қасбеті қалпына келтірілді: (Кенесары көшесі, 70 бойынша орналасқан) «Қыпшақ» ТК, (Сембинов көшесі 7, 9 бойынша орналасқан) «Хан тәңірі» ТК, (Кенесары көшесі, 69 бойынша орналасқан) «Каминный» ТК, (Кенесары көшесі, 65 бойынша орналасқан) «Эдем Палас» ТК, (Сейфуллин көшесі, 40 бойынша орналасқан) «Кегок» ТК, Циолковский көшесі, 1/1 және А. Жұбанов көшесі 27 үйінің қасбетін қалпына келтіру жұмыстары басталып кетті.
ПИК қажетті материалдар дайын болуына қарай қалған үйлерді қалпына келтіру жоспарлануда. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Өзгерткен: 07.04.2019