Жаңалықтар

28.03.2019

«Алуан Сайман» базары

«Байқоңыр» ауданының әкімі Ерлан Каналимов Ақжол көшесі 22Б мекенжайында орналасқан «Алуан Сайман» базарына барып қайтты.
2019 жылдың басында аталған базарды жаңғырту бойынша жол картасы бекітілгені белгілі. Сапар барысында әкім жол картасын орындау аясында жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты.
Бүгінгі күні сауда нысанының үй-жайларында құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Еркін жобалауда 5000 шаршы метрден астам сауда алаңын тапсыру жоспарлануда, басқаша айтқанда, бұл 150-ден астам сауда орны. Базарға келушілерге ыңғайлы болу үшін 180 орынға арналған абаттандырылған тұрақ қарастырылған.
Базарды жаңғыртуды 2019 жылдың соңына қарай аяқтау жоспарлануда.

Өзгерткен: 28.03.2019