Жаңалықтар

16.06.2018

«Бұл жерде ҰОС ардагері тұрады!» атты науқан

16 маусым күні «Байқоңыр» ауданының әкімі Каналимов Ерлан Ермекұлы Ұлы Отан соғысы ардагерлері тұрып жатқан тұрғын үйлерге есім-тақта ілу науқанын бастады. Сұрапыл соғыс жылдарында қайсарлық пен ерлік көрсеткен ардагер аталарымызға аудан әкімі зор денсаулық, қажымас қайрат және күш-қуат тіледі. Жақын арада ауданымызда тұрып жатқан барша ардагерлерді құрметтеу, ұлықтау және мадақтау мақсатында осындай есім-тақтайша орнатылатындығы жөнінде қуанышты xабармен бөлісті. Игі шараға ҰОС ардагерлері, олардың туған-туыстары және «Байқоңыр» аудандық Ардагерлер кеңесінің басшылығы қатысты. Батыр аталарымыздың батасын алған ұйымдастырушылар үлкен алғыспен тарқасты.

Өзгерткен: 16.06.2018