Жаңалықтар

12.03.2019

Қызмет көрсетуші ұйымдардың есептері

Құрметті «Бақоңыр» ауданының тұрғындары! Әдеттегідей, жыл сайын қызмет көрсететін ұйымдар атқарған жұмысы туралы есеп беріп, үй тұрғындарымен жиналыс ұйымдастыратын болады. Сонымен қатар, қызмет көрсетуші ұйымдардың төрағаларымен бірге, учаскелік инспекторлар да есеп береді. 
Қандай да бір жағдайлармен жиналысқа қатыса алмайтын тұрғындар үшін Facebook әлеуметтік желісіндегі аппараттың ресми парақшасында аталмыш жиналыстардың тікелей көрсетілімі ұйымдастырылатын болады.
Сіздердің назарларыңызға 2019 жылға арналған ПИК, ЖШС, ЖК, ӨК есеп беру жиналыстарының кестесін ұсынамыз. 
Жиналысқа белсенді қатысып, Сіздің үйіңізде жүргізіліп жатқан жұмыстардан хабардар болыңыз!

Өзгерткен: 12.03.2019