Жаңалықтар

05.06.2018

«Өндіріс» тұрғын алабының тұрғындарымен кездесу

«Өндіріс» тұрғын алабының тұрғындары өз бұйымтайларын басшылыққа жеткізді

Аудан әкімі Ерлан Каналимов пен қалалық мәслиxат депутаты Зейнолла Шибкенов «Өндіріс» тұрғын алабының тұрғындарымен кездесіп, ауданның даму жоспарымен танысты. Жиналған xалық жүйелі түрдегі сұрақтарын қойып, көптеген мәселелердің бетін ашып алуға тырысты. Жол мәселесі, кәріз жүйесі, жаяужолдардың жоқтығы, абаттандыру жұмыстарының жүргізілуі, апатты үйлердің жағдайы туралы сөз қозғалды. Алдағы жоспармен және жүргізіліп жатқан жұмыспен танысқан тұрғындар, қойған сұрақтарына жауап тапқандай. Сонымен қатар, бұдан бөлек мәселелердің бабына жету мақсатында, орынға барып кездесу өткізу жоспарланды.

Өзгерткен: 05.06.2018