Жаңалықтар

17.01.2019

Мемлекеттік наградаларды аналарға табыстау

Бүгін «Байқоңыр» ауданының алтын құрсақты аналарына алғашқы «Алтын» және «Күміс» алқаларды табысталды. Шаңырақта 6-7 бала тәрбиелеп, ертеңгі еліміздің тірегі болатын азаматтарды өсіріп отырған отбасылардың қатары он екіге көбейгені қуантарлық жайт. 
ҚР Президентінің 2018 жылғы 28 желтоқсанындағы № 818 Жарлығына сәйкес (4 «Алтын», 8 «Күміс» алқа) мемлекеттік наградалар 12 анаға берілді. 
Шын жүректен отбасыларына береке, мықты денсаулық, балаларға шаттық пен күлкі тілейміз! Елімізде үлгілі отбасылар көп болғай!

Өзгерткен: 17.01.2019