Жаңалықтар

19.01.2019

«ДОС тәуелсіз өмір» орталығы мүгедектер қоғамдық бірлестігі

«Байқоңыр» ауданының әкімі Ерлан Каналимов «ДОС тәуелсіз өмір» орталығы мүгедектер қоғамдық бірлестігінде болды. 
Ұйым мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қол ұшын созу мақсатында 2006 жылы құрылды. Орталықта адамның өзіне деген сенімі мен күш жігер сезімін оятуға септігін тигізеді. 
Қоғамдық бірлестік мүмкіндіктері шектеулі жандарға арналған құрылғыларды шығарумен және оларды жөндеумен айналысады. Одан бөлек, орталықта қолданбалы өнер шеберханасы жұмыс істеп, рухы мықты адамдармен түрлі кәдесыйлар жасап шағаруда. 

Өзгерткен: 19.01.2019