Жаңалықтар

10.01.2019

Өзара келісім туралы меморандумға қол қойылды

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында көрсетілген басымдықтарды жүзеге асыру мақсатында, «Байқоңыр» ауданы әкімінің аппараты мен ҚР Ұлттық ұланы Бас қолбасшылығы арасында өзара келісім туралы Меморандумға қол қойылды. 
Құжатта «Қазақстан-2050» стратегиясында және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында көрсетілген тапсырмаларды түсіндіру мақсатындағы тұрғындар мен әскери қызметкерлерге баяндамалар оқу, екі жақпен ұйымдастырылған семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, сайыстар мен басқа да іс-шараларда қатыса отыра, білім мен тәжірибе алмасу, бірлескен мәдени шараларды ұйымдастыру сынды бөлімдер қарастырылды. 
Қаламыздың дамуы мен өскелең ұрпақтың дұрыс тәрбиесі жолындағы серіктестігіміз жемісті болады деп үміттенеміз. 

Өзгерткен: 10.01.2019