Жаңалықтар

08.01.2019

Алдын алу шаралары басталды

Бүгін кәсіпкерлердің ыңғайлығы үшін «Байқоңыр» ауданында «Тілдер туралы» ҚР Заңын, абаттандыру және жарнама нысандарын орнату Ережелерін түсіндіру, салықтарды уақытылы төлеу, санитарлы-эпидемиологиялық талаптарды орындау, сонымен қатар, ШОБ субъектілерінің өртке қарсы шараларын қадағалау бойынша алдын алу шаралары басталды. Ол үшін «Байқоңыр» ауданы әкімі аппаратының, Сәулет қала құрылысы және жер қатынастары, Қалалық орта сапасы және бақылау, Тілдерді дамыту және мұрағат ісі қалалық басқармаларының, «Байқоңыр» ауданы бойынша мемлекеттік кірістер, қоғамдық денсаулық сақтау Департаменті өкілдерінің, ПБ ЖПҚ және «Clean City NC» ЖШС қызметкерлерінің қатысуымен арнайы Жұмыс тобы құрылды. Бүгінгі күннің қорытындылары бойынша, Жұмыс тобымен кәсіпкерлерге кеңес беріліп, барлығы 150-ден астам ақпараттық парақшалар таратылды. Аталмыш жұмыстар а.ж. наурыз айының соңына дейін жалғасатын болады.

Өзгерткен: 08.01.2019