Жаңалықтар

10.01.2019

«Нұр Отан» партиясы Астана қаласы «Байқоңыр» аудандық филиалының Саяси Кеңес Бюросының отырысы

Бүгін, «Нұр Отан» партиясы Астана қаласы «Байқоңыр» аудандық филиалының Саяси Кеңес Бюросының отырысы өтті. 
Жиын барысында «Нұр Отан» партиясы Астана қаласы «Байқоңыр» аудандық филиалының жылдық жұмыс жоспары бекітіліп, Партиялық бақылау комиссиясы және Партиялық бақылау жанындағы қоғамдық кеңестің мүшелері сайланды. Сондай ақ, Партиялық бақылау комиссиясы мүшелерінің жылдық жоспары бекітіліп, алдағы жұмыстары талқыға түсті. 
«Нұр Отан» партиясы Астана қаласы «Байқоңыр» аудандық филиалы Саяси Кеңес Бюросының мүшелері 9 адамнан тұрады. 
«Нұр Отан» партиясы «Байқоңыр» аудандық филиалының ағымдағы уақытта 72 БПҰ және 5581 партия мүшесі бар. 

Өзгерткен: 10.01.2019