Жаңалықтар

10.01.2019

«Байқоңыр» ауданында жаңа цех есігін ашты

Бүгін «Байқоңыр» ауданының әкімі Ерлан Каналимов ет өнімдерінің жартылай фабрикаттарды өндіру цехының салтанатты ашылуына қатысты (А. Иманов к., 36).

Іс-шара барысында әкім цехтың ашылуымен құттықтап, қызмет көрсетудің үздік дәстүрін қалыптастыруды, сатылымды жоғары деңгейге көтеруді, сонымен қатар көптеген сатып алушылардың оң көзқарасына ие болуды тіледі.

Цех жергілікті өндірушілердің жоғары сапалы, экологиялық таза шикізаттарына табиғи қоспаларды қосып, тез қатыру жүйесі арқылы өнімдерді шығаруды жоспарлаған. Дайындау технологиясында еуропалық жабдықтар қолданылатын болады. Ал өнімнің өзі «Халал» сертификатымен.

Цехтың жалпы ауданы 480 м2 құрайды.

Өзгерткен: 10.01.2019