Жаңалықтар

04.01.2019

"Байқоңыр" ауданында жастар марафоны бастау алды

Елбасының Жолдауын жүзеге асыру аясында және 2019 жылдың «Жастар жылы» аталуына орай, «Байқоңыр» ауданында «Жалынды жастар» атты марафонға салтанатты бастау берілді. Ол білім саласында көпжылдық тариxы, жас кадрларды даярлауда алдыңғы қатарлы тәжірибесі бар «Тұран» колледжінен басталды. Біртіндеп ауданның басқа да білім ордаларына жолданатын болады.
Марафонның мақсаты Қазақстандағы «Жастар жылы» аясында жастарға кешенді түрде қолдау көрсету болып табылады. Бүгінгі шара соңында шәкірттер флешмоб ұйымдастырып, шарларды аспанға жіберді. Ол, өз алдына, Тәуелсіз Қазақстан туы астындағы біздің жастарымыздың шексіз мүмкіндіктері іспеттес ойды алға тартқандай болды. 

Өзгерткен: 04.01.2019