Жаңалықтар

30.12.2018

Жаңа жыл құтты болсын!

 

Құрметті астаналықтар!  Сіздерді жүректерге ізгілік сыйлаған жайдарлы сәт – Жаңа Жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

        Халқымыз  ежелден өткен жылға өкпе қалдырмай, келер жылға мол үміт артқан. Өткен 2018 жыл – Тәуелсіз еліміз үшін орасан зор оқиғаларға толы тарихи жыл болды. Осы игілікті істерге барлығының қосқан елеулі үлесі бар.

        Жаңа жыл жақсылығын ала келсін. Жарқын істер елімізді жарылқап, әлеуетімізді арттырып, көңілімізді жадыратып, шат-шадыман күйге бөлегей.

Сіздерге және отбасыларыңызға амандық-саулық, баянды бақыт, ырыс-береке, жарқын жетістіктер тілеймін!

 

Ізгі ниетпен, Ерлан Каналимов

Өзгерткен: 31.12.2018