Жаңалықтар

24.12.2018

"Нұр Отан" партиясы Астана қаласы "Байқоңыр" аудандық филиалы Бастауыш партия ұйымдарымен 2018 жылдың қорытынды кездесуін өткізді

"Байқоңыр" аудандық филиалының барлық Бастауыш партия мүшелері қатысып, филиал міндеттерін жүзеге асыруға қосқан үлестері үшін алғыс хаттармен марапатталды.

Кездесуге "Нұр Отан" партиясы "Байқоңыр" аудандық филиалының Төрағасы Ерлан Каналимов қатысып, партия мүшелеріне 2018 жылды қорытындылап, 2019 жылдың жоспарымен бөлісті.

«Нұр Отан» партиясы «Байқоңыр» аудандық филиалы өз жұмысын бастаған күннен бастап 2 айдан астам уақыт өтті. Осы уақыт аралығында 25 бастауыш партия ұйымын ашылып, 350 - ден астам азаматты партия қатарына қабылдады. Қазіргі күні филиалда 67 бастауыш партия ұйымы, 5742 партия мүшесі бар.

Өзгерткен: 24.12.2018