Жаңалықтар

26.12.2018

Аға ұрпаққа жаңажылдық сыйлық

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында «Өндіріс» тұрғын алабының ардагерлеріне арналған шағын орталық ашылды. 
Елбасының әлеуметтік саясатын жүзеге асыру барысында, соғыс және еңбек ардагерлеріне үлкен көңіл бөлінуде. Осындай бағыттардың бірі – аға ұрпақ үшін бос уақытты өткізуге арналған шағын-орталықтарын ашу болып табылады. Жаңа орталық Қ. Кемеңгерұлы көшесі, 21 мекен-жайы бойынша орналасқан.
Шағын-орталықта ардагерлер жаңа газет-журналдар оқып, үстелойындарын ойнап, сонымен қатар, 40 мыңнан астам кітап қоры бар кітапханаға бара алады! Орталықтар – ардагерлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын зерделеудің, оларға әлеуметтік қолдау көрсетудің, жас отбасылар мен жастар арасында ұйымдастыру-тәрбие жұмыстарын жүргізудің өзегі болуы тиіс деп есептеймін. 
Сый ретінде кітаптар, суреттер, үстел ойындары - тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы және басқа да кәдесыйлар табыс етілді.

Өзгерткен: 26.12.2018