Жаңалықтар

13.12.2018

Сәулет-сәндік жарық беру құралдары орнатылды

Сәулет-сәндік жарық беру құралдары көшелерге әдемі және жағымды көрініс береді. Түрлі-түсті шамдармен құбылған биік құрылыстар мен көп пәтерлі тұрғын үйлердің ғимараттары ерекше жайлы орта қалыптастырады. 
Бүгінгі таңда «Байқоңыр» ауданы әкімінің аппараты 104 нысанның сәулет-сәндік жарықтандыруын қамтамасыз етіп отыр. Биылғы жылы 4 білім беру нысандарының жарықтандырылуы жүзеге асырылды: №21 ОМ, № 23 ОМ, №34 ОМ, №49 ОМ.
Қазіргі уақытта «Қыпшақ» ТҮК және «Жар-жар» ТҮК сәндік жарықтандыру жұмыстары аяқталуда.
Ал келесі, 2019 жылы 3 нысанның сәулеттік-сәндік жарықтандырылуы жоспарлануда: «Территория комфорта 2» ТҮК, Тәшенов тұйық көшесі 10, А. Бараев көшесі 3. 

Өзгерткен: 13.12.2018