Жаңалықтар

11.12.2018

Тәуелсіздік күнімен!

Бүгін «Байқоңыр» ауданында ҚР Ұлттық ұланы «Ән және би» ансамблі мен «Жастар» сарайының шығармашылық ұжымдарының қатысуымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Туған жерім – тұғырым» атты мерекелік гала-концерті өтті.
Мерекелік іс-шара барысында аудан әкімі Ерлан Каналимов құттықтау сөз айтып, еліміздің дамуына үлес қосқан азаматтарды Астананың 20-жылдығына арналған мерейтойлық медалі мен бірқатар аудан белсенділеріне алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыстады. Жиын ресми бөлімнен соң, қазақ эстрада жұлдыздарының қатысуымен концертке ұласты.
Барша қазақстандықтарды келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!

Өзгерткен: 11.12.2018