Жаңалықтар

06.12.2018

«Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының XXVII есептік-сайлау конференциясы өтті

Күні кеше «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының XXVII есептік-сайлау конференциясы өтті. Кездесу барысында партияның Астана қалалық филиалы «эффективті», «креативті», «заманауи партия» деп 3 бағыт бойынша жұмыс жүргізетіндігі аталып өтті.
Осыған орай, «Нұр Отан» партиясы Астана қаласы «Байқоңыр» аудандық филиалы «креативті партия» бағытын жүзеге асыруды бастап кетті. «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығына орай және Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасының арттыру» жолдауында атап өтілген бағыттарды алға қойып, 20 көшпелі қоғамдық қабылдау және халыққа қолжетімді алғашқы медициналық көмек көрсету шараларын өткізуді жоспарлауда.
Қоғамдық қабылдауда төмендегідей мекеме өкілдері қызмет көрсетеді:
Астана қаласының мәслихаты депутаты;
Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту орталығы;
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі;
Халыққа қызмет көрсету орталығы;
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры;
Учаскелік дәрігерлер мен флюралық автокөлік және т.б.
Аталмыш іс-шаралар төмендегі кестеде көрсетілген. Тұрғындардың мәселесі біз үшін маңызды. Ендеше, көкейде жүрген сауалдарыңызға байланысты жүзбе-жүз құзырлы мекеме өкілінен кеңес алуға шақырамыз!

Өзгерткен: 06.12.2018