Жаңалықтар

09.12.2018

Ұлт денсаулығы-біздің табысты болашағымыздың негізі!

«Қазақстан-2050» стратегиясында Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Ұлт денсаулығы - біздің табысты болашағымыздың негізі» деп атап өтті. Және бұл халықтың әл-ауқатының ең сенімді формуласы болып табылады.

Президенттің Жолдауы аясында және партияның 20 жылдығына орай, ауданда 20 іс-шара өткізуге бастамашылық жасадық. Әсіресе, олардың халық үшін пайдалылығы мен қолайлылығына көп көңіл бөлінді.

Ал, бүгін, қалалық денсаулық сақтау Басмқармасының көмегімен, оларды жүзеге асыруға кірістік: «Көк базар» орталығында аудан тұрғындарына медициналық көмек көрсету бойынша іс-шара өткізілді. Базар қызметкерлері мен жақын жерде орналасқан үйлердің тұрғындары алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша мобильді пункттерде тегін медициналық тексеруден өтті. Олар учаскелік дәрігерлерден кеңес алып, қант пен холестерин деңгейін анықтауға қан тапсырып, флюорографиядан өтті. Ертең қол жетімді алғашқы медициналық көмек «керуені» «Орталық базар» аумағына баратын болады. Естеріңізге салсақ, тұрғындар үшін қоғамдық қабылдаулар да ұйымдастырылған.

Өзгерткен: 09.12.2018