Жаңалықтар

07.12.2018

«Байқоңыр» ауданында түнгі уақытта жеке сектордан 864 м3 қар шығарылды

Қар тазалау кестесіне сәйкес, а.ж. желтоқсан айының 6-нан 7-не қараған түні жеке секторда қар шығару жұмыстары жүргізілді. Жұмысқа 15 бірлік арнайы техника және 8 жол жұмысшылары жұмылдырылды. 
Нәтижесінде, «Жастар» ш.а., Макинский, Балқаш, Есіл тұйық көшелері, Отырар-Тараз-Асан қайғы-Кенесары, А. Иманов-А. Сембинов-Кенесары-Асан қайғы көшелерінің аумағы 864 м3 қардан тазаланды. Жұмыстар түнгі уақытта, автокөлік қозғалысы азайған кезде жүргізілді. 
Естеріңізге сала кетейін, қарды тазалау жұмыстары басымдылық бойынша жүргізіледі, яғни ең алдымен қоғамдық көлік жүретін басты магистральдар мен көшелер және әлеуметтік нысандарға апаратын жолдар тазаланады. Содан кейін шағын аудандар мен жергілікті маңызы бар жолдар. 
Осы жұмыс түрлері әлеуметтік маңызы бар нысандарда да жүргізілуде.

Өзгерткен: 07.12.2018