Жаңалықтар

05.12.2018

Заңсыз жарнаманың мониторингі

Ағымдағы аптада рұқсат етілмеген жарнаманы алдын алу және жою жөніндегі жұмыс тобы А. Бараев және Б. Бейсекбаев көшелері бойында 24-тен астам нысанды алып тастады.
Сондай-ақ, аппарат қызметкерлері Абай, Республика даңғылдары, Кенесары, Ш. Уәлиханов, А. Жұбанов, А. Иманов көшелерінде мониторинг жүргізді.
Оның қорытындысы бойынша елордада сыртқы жарнаманы орналастыру Ережелері туралы 40-тан астам хабарламалар берілді.
Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Өзгерткен: 05.12.2018