Жаңалықтар

02.12.2018

Оқушылар арасында футболдан ашық біріншілік өтті

«Байқоңыр» ауданы әкімінің аппараты мен Бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының ұйымдастыруымен №54 мектеп-лицейінде «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні» мерекесіне орай футболдан «Байқоңыр» ауданының ашық біріншілігі өтті. Аталған іс-шараға қаланың түрлі мектептерінен келген 8 команда қатысты.
Барлық қатысушылар спорттық энергиямен қуаттанып, түрлі жағымды әсерлер алды, ал жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кубоктар, медальдар, мақтау қағаздары мен сыйлықтар табысталды.
Іс-шара қорытындысы бойынша 1 орынды №64 мектеп лицейінің командасы, 2 орынды Назарбаев зияткерлік мектебінің командасы еншілесе, 3 орын №61 орта мектебіне бұйырды.
Турнирдің «Үздік ойыншы» номинациясына Шералы Сағадат, «Үздік қорғаушы» Смағұл Мәди, «Үздік шабуылшы» Қазыбаев Ұлар, «Үздік қақпашы» номинациясына Қанат Арсен лайықты деп танылып, Алтынгүл Ерлан «Үздік жаттықтырушы» номинациясын иеленді.

Өзгерткен: 02.12.2018