Жаңалықтар

27.11.2018

Биік қабатты үйлердің өрт қауіпсіздігі

«Байқоңыр» ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері аудандағы биік қабатты үйлерде өрттің алдын алу бойынша профилактикалық іс-шараларды өткізді.

Өткізілген іс-шара барысында тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін, электр қауіпсіздігін сақтау мәселелері, кіреберіс жолдары мен өртке қарсы қорғау жүйелерін күтіп ұстау тәртібі пысықталды. 

«Территория комфорта» ТК қызмет көрсетуші персоналымен өртке қарсы қорғау бөлімшелері өзара іс-қимылын тәжірибеде пысықтау үшін, шартты өртті жою бойынша өрт-тактикалық жаттығу өткізді, «Алмалы» ТК өртке қарсы қорғау жүйесі дұрыс жұмыс етуі тексерілді.  

Бұрын, биік қабатты үйлердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі аудан әкімінің төрағалығымен кеңесте қарастырылған еді, оның нәтижелері бойынша «Астана қаласы «Байқоңыр» ауданының коммуналдық-тұрғын-үй қоры объектілерінің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі» Жол картасы әзірленді. Объектілерді өртке қарсы қорғау, техникалық үй-жайларды, кіреберіс жолдарын және сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтауды күтіп ұстау жүйелерін қалпына келтіруге бағытталған алдын алу және тәжірибелік іс-шараларды өткізу тәртібі әзірленді.

Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Өзгерткен: 26.11.2018