Жаңалықтар

19.11.2018

Учаскелік полиция инспекторлары қызметінің құрылғанына 95 жыл

Бүгін Учаскелік полиция инспекторлары қызметінің құрылғанына 95 жыл толуына байланысты аудандық тәртіп сақшыларын құттықтау салтанаты өтті. 
Осындай маңызды мерекемен құттықтай отыра, аудандық ішкі істер басқармасының қызметіне адал қызметкерлерді алғыс хаттармен марапаттап, естелік сый ретінде суреттер, 10 дана персоналды компьютерлер мен принтерлер тапсырылды. 
«Байқоңыр» ауданында 7 учаскелік бөлімше жұмыс істеп, онда 103 адам қызмет етеді. Жалпы аудан бойынша 400-ден аса полиция қызметкерлері тәртіп сақтауда. 

Өзгерткен: 19.11.2018