Жаңалықтар

31.10.2018

«Нұр Отан» партиясы Астана қаласы «Байқоңыр» аудандық филиалының ІІ конференциясы

Бүгін «Нұр Отан» партиясы Астана қаласы «Байқоңыр» аудандық филиалының ІІ конференциясы өтті. Күн тәртібінде Елбасының «Қазақстандықтардың әл-қуатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы талқыланды. Сонымен қатар, кездесу барысында аудандық филиалдың Саяси кеңесі мен «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының ХХVII есеп беру-сайлау конференциясына делегаттар сайланды. Қорытындылай келе, жаңадан сайланған Саяси кеңестің жұмысы xалықтың жағдайын жақсартуға бағытталған Жолдауды жүзеге асыру мен саяси-танымдық көзқарасты қалыптастыру жолында көптеген жұмыстар орындалатын болады деп сенеміз.

Өзгерткен: 31.10.2018