Жаңалықтар

25.10.2018

«Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалында азаматтарға жеке қабылдау өткізілді

Бүгін «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалында азаматтарға жеке қабылдау өткіздім. Қабылдау барысында тұрғындар апатты үйлерді бұзу, ПИК-тің нашар жұмысы, аулаларды абаттандыру, үйлердің қасбеттерін жөндеу, жолдарды таспен себу, көшелерді жарықтандыру сынды мәселелерді көтеріп жатты. Әлбетте, барлық өтініштер назарға алынып, қадағаланатын болады.
ҚР-ның Заңнамаларын түсіндіре отыра, мәселенің мән-жайын анықтау үшін орынға баруды да жоспарлап қойдым.
Естеріңізге салсам, аталмыш қабылдаулар әр айдың үшінші бейсенбісі, сағат 15.00-де өткізіліп отырады.

Өзгерткен: 25.10.2018