Жаңалықтар

13.10.2018

«Байқоңыр» ауданында жаңа аула клубы ашылды

«Байқоңыр» ауданының Тайбұрыл, 7а көшесінде «Қорғалжын» аула клубы ашылды. Клубтың жалпы аумағы 400 м2 қамтиды. Онда бокс, дзюдо, кикбокс, самбо және грек-рим күресі спорттық үйірмелері ашылған. Клубқа, бүгінгі күні-ақ, шамамен 35-40 бала қатысуға ынта білдіріп, жазылып қойған. Алдағы уақытта тағы да қосымша каратэ мен қоян-қолтық ұрыс үйірмелерінің ашылуы жоспарланып отыр.

«Ақмола вагон жөндеу зауыты» АҚ аула клубының ғимаратын ақысыз негізде, жасөспірімдердің бос уақыттарын пайдалы өткізу үшін ұсынып отырғандығы қуантарлық жайт.

Аула клубының ашылуының негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, әлеуметтік белсенді жастарды қалыптастыру мен дамытуға жағдай жасау болып табылады.

Өзгерткен: 13.10.2018