Жаңалықтар

29.09.2018

Волейболдан турнир

29 қыркүйек күні Астана қаласы «Байқоңыр» ауданы әкімінің аппараты мен спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы бірігіп Мұғалімдер күніне орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер – туған ел» базалық бағыты аясында мектеп мұалімдері арасында волейболдан турнир өткізді. Аталған турнирге ауданның 12 мектебінен шыққан командалар қатысқан турнир өте тартысты өтті. Турнир қорытындысы бойынша 1 орынды №27 мектеп лицейі, 2 орынды №49 орта мектеп, ал 3 орынды №12 бастауыш мектебі иеленді. Турнирдің «Үздік ойыншы» номинациясына Болатхан Қайырлыс, «Үздік қорғаушы» номинациясына Оспанова Гүлдана, «Үздік шабуылшы» номинациясына Садуакасов Қайыржан, «Үздік үйлестіруші» номинациясына Карина Булатовна лайықты деп танылды. Турнирге қатысқан барлық командаларға алғыс білдіреміз!

Өзгерткен: 29.09.2018