Жаңалықтар

21.09.2018

Шағын және орта бизнес иелерімен кездесу

Бүгін «Байқоңыр» ауданының әкімі Е.Каналимовтың төрағалығымен аудан аумағында орналасқан мейрамхана және дәмхана басшыларымен жиналыс өткізілді.

Кездесу барысында мемлекеттік органдармен кәсіпкерлерге терроризмге қарсы қорғалу, өрт және санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік ережелерін сақтау шаралары бойынша түсініктемелер берілді

Астана қаласының Ішкі істер департаментімен қоғамдық қауіпсіздік және түнгі уақыттағы тыныштық бұзылуын болдыртпау бойынша ұсыныстар айтылды.

Кездесуді қорытындылай келе, әкім кәсіпкерлерді ағымдағы жылдың 22 қыркүйегінде өткізілетін жалпы қалалық сенбілікті қолдап, қатысуға шақырды.

Өзгерткен: 21.09.2018