Басшылық

Нұрсағатов Нұрбол Төлегенұлы

Нұрсағатов Нұрбол Төлегенұлы

Нұр-Сұлтан қаласы «Байқоңыр» ауданының әкімі

1981 жылдың 29 қыркүйек күні Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

2003 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін экономист-менеджер мамандығы бойынша тәмамдаған.

2005 жылы екінші жоғарғы білімін  Л.В.Гочаров атындағы Қазақ автомобиль-жол университетінде алған.

2005-2008 жылдары қала әкімдігінің Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасында бас маман, бөлім басшысы, директор орынбасары болған.

2008-2011 жылдары Астана қаласы әкімдігінің Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары;

2011-2012 жылдары Ауыл шаруашылығы Министрлігінің су ресурстары Комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарған.

2014-2019 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің Көлік және автомобиль жолдары басқармасына, Алматы қаласы әкімдігінің Құрылыс басқармасына және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Қоршаған ортаны қорғау басқармасына басшылық жасады.

2020 жылдың ақпан айынан Нұр-Сұлтан қаласы «Байқоңыр» ауданының әкімі.

2016 жылы «Ерең еңбегі үшін» медалімен және «Құрметті құрылысшы» төсбелгісімен марапатталған.

Үйленген, үш баланы тәрбиелеуде.